Сағымбаев елімізге төнетін сыртқы қауіп туралы айтты

2024-10-04 14:27:20

Мамыр айында Бішкекте өткен соңғы кездесуімізден бері салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ. Алайда осы кезеңде ТМД-да, жалпы әлемде болған оқиғалар біздің елдегі оперативті жағдайға айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Халықаралық терроризмге қарсы белсенді әрекет етуге байланысты міндеттер бірінші орында қалды, – деді Ермек Сағымбаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-отырысында.

Сондай-ақ, ол ұйым елдері синтетикалық есірткі саудасына көбірек мән беру керектігін атап өтті.

Трансшекаралық қылмыстардың, заңсыз көші-қон мен қару-жарақ контрабандасының қатері артып тұр. Есірткі трафигіне, әсіресе «синтетика» делініп жүрген есірткі түрінің таралуы біздің мұқият назар аударуымызды қажет етеді, – деді ҰҚК басшысы.