Референдумда барлығы 7 820 204 азамат немесе 63,66 пайызы дауыс берген.
ОРК есебінше, елімізде АЭС құрылысын дауыс бергендердің 71,12 пайызы немесе 5 561 937 азамат қолдаған. Ал 2 045 271 қазақстандық атом электр стансасын салуға қарсы болған.
Сонымен қатар 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған. Жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетень саны 82 729 құраған.
Естеріңізге салайық, 6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі жөнінде республикалық референдум өтті. Бюллетеньге «елімізде атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген бір ғана сұрақ шығарылды.