Талдықорғанда ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті

2024-10-09 10:27:21

Жетісу облысының полиция департаменті фактіні растады. Алайда, ер адам шынымен адам қолынан қаза тауып, артынан өртенген болуы мүмкін деген ақпарат әлі расталған жоқ.

«Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сай, өзге ақпарат жариялануға жатпайды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.