«Екі күдікті үйқамақта»: Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген

2024-10-09 14:27:47

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрп жатыр. Ақтөбе облысының өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілі баланың анасымен байланысқа шығып, кездесетін болды. Істі қайта саралау және бұлтартпау шарасын өзгертуді қарау мәселесімен прокуратураға жүгіндім», — дейді Зәкиева.

Осы мәселе бойынша редакция облыстық полиция департаментіне жүгініп, іс бойынша ақпарат сұрады.

«Полиция департаменті бопсалау және зорлық-зомбылық фактілерін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткізіп жатыр. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды, ол тергеуге қатысып жатыр. Екі күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциялық шара тағайындау кезінде сот күдіктілердің жеке басының мінездемесін, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балаларының және тұрақты мекенжайының болуын ескере отырып, үй қамағында ұстау туралы шешім қабылдады. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлайды облыстық полиция.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі 23 қыркүйекте болған жағдайды айтып берген еді. Ақтөбе облысында жеке қалған кезде жеңгесіне 14 жастағы жасөспірім сырын ақтарған. 26 жастағы және 20 жастағы туыс ағасы оны 8 жасынан бастап зорлаған.

 

Последние новости

09.10.2024
Легендарные бразильские сериалы теперь на Иви: «Клон», «Во имя любви» и другие культовые хиты
09.10.2024
ТШО заключил пять долгосрочных контрактов с местными компаниями на сумму 400 млн долларов 
09.10.2024
В Казахстане у каждого третьего бывают конфликты в семье из-за онлайн-жизни ребёнка
09.10.2024
Антикор жемқорларды ұстап бергендерге 28,9 млн теңге сыйақы берді
09.10.2024
Арман Дүйсеновтің ұлы қаза болды: Алматы полициясы қылмыстық іс қозғаған
09.10.2024
«Көңілі толмаса басқа жаққа кетсін»: Ақтөбеде 100-ге жуық зауыт жұмысшысы жалақы көтерілуін талап етіп, наразылық акциясына шықты
09.10.2024
Арал суға толып, балық көбейе бастады
09.10.2024
Талдықорғанда ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті