«Тек жазамен, заңның күшімен тыюға болмайды»: Марат Қожаев Талғардағы жағдай туралы айтты

2024-10-10 10:27:32

«Мен көп жыл бойы құқық қорғау органында жұмыс істедім. Мұндай жағдай бізде ғана емес, дамыған елдерде болады. Бұл — кешенді проблемалар. Оны біз де әріптестерімізбен шешуіміз керек. Ол отбасыдағы тәрбиеден білім беруге дейін жалғасады. Адами құндылықтар керек. Оны тек жазамен, заңның күшімен түзеуге болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Процесуалдық шаралар аяқталған соң, құқықтық баға беріледі. Сол кезде кімді қандай жазаға тартады, кімді ұстайды белгілі болады», — дейді Марат Қожеав.

Бүгін Марат Қожаев сенаттың жалпы отырысында ант береді.

Еске салсақ, 4 қазанда 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Шерзаттың әкесі халықтан митингіге шықпауын сұраған еді.