Әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынды

2024-10-14 18:27:30

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Инга Иманбайдың хабарлауынша, Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған. 1 қазан күні қаулы шығып, негізгі қылмыстық істен бөлек дәрігерлердің іс әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған. Ол іс бойынша да сараптама тағайындалған.

– Негізгі іс бойынша сараптама нәтижесін күтіп жүрміз. Тек қана Сіздердің қолдауыңызбен әділеттілікті талап етуді жалғастырамыз, – деп жазды Инга Иманбай.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

 

Последние новости

14.10.2024
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
14.10.2024
Оқу-ағарту министрі мектептерде рилс пен челлендждер түсіруге тыйым салды
14.10.2024
Бір күнде екі сарбаз көз жұмды. Тағы бір әскери өзін-өзі атып тастады
14.10.2024
Ер адам кешке келіп, пеш жаққан: министр Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты тың дерек айтты
14.10.2024
Талғардағы трагедия. «Хутор» ауылы тұрғындары Хасанды қорғап үндеу жасады
14.10.2024
«4 жігіт қинап өлтіріп, 9-қабаттан лақтырған»: Астанадағы оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді
14.10.2024
Texaco Lubricants представил технологию Texaco VARTECH для глубокого очищения промышленных компрессоров
14.10.2024
Texaco Lubricants өнеркәсіптік компрессорларды терең тазалауға арналған Texaco VARTECH технологиясын ұсынды