Қазақстанда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінбейді – Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

2024-10-15 14:27:58

Үмітжан Арықбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында кибермәдениетті қалыптастыру бойынша көп қаржы бөлінбейтінін айтады. Сөзінше, 2024 жылы 8 миллион теңге киберхабарландыру деңгейін есептеуге ғана арналған екен.

«Біз жыл сайын халықтың киберхабарландыру деңгейін өлшейміз. Былтыр бұл көрсеткіш 80% болған. Биыл бұл жұмыс жүргізілмеді. Себебі бізге 8 миллион теңге бөлінген, ал жұмыс жүргізу үшін өтініш білдірген компаниялар біздің талаптарға сай келмеді. Сондықтан байқау әлі жүріп жатыр. Жыл соңына дейін киберхабарламаны есептеу бойынша жұмыс істейтін компания табылса, 8 миллион теңгені осы бағытта жұмсаймыз. Бірақ комитетте киберқауіпсіздік үшін арнайы қаржы бөлінбейді. Бюджет тек штатқа арналған», – деді ол.

Сонымен қатар Үмітжан Арықбекова комитеттің сайтына жыл басынан бері неге тек екі ақпарат жарияланғанын да түсіндіріп берді.

«Бізде ақпараттар тек сайтта орналастырылмайы. Электронды үкімет порталында хабарлама жолдаймыз, бүгін-ертең барлық азамат осы хабарламаны алуы керек. Сайтымызға көп адам кіре қоймайтындықтан, Instagram-парақшаларда видеолар орналастырамыз. Алдағы уақытта бұл олқылықты жойып, сайтымызға да жеке деректерді қорғауға қатысты ақпараттарды жариялаймыз», — деді ол тілшіміздің сауалына жауап беру барысында.

 

Последние новости

15.10.2024
Талдықорғанда жасөспірімді зорлады деп айыпталған жаттықтырушы сотталды
15.10.2024
Жұмыссыз қалғаныңыз үшін қалай төлем алуға болады?
15.10.2024
Безопасность сообщества TikTok: платформа удалила 1,5 миллиона видеороликов в Казахстане во втором квартале 2024 года
15.10.2024
«Беті көгерген, мұрны қисайған»: Шерзаттың әкесін ұрып-соқты деген оқырмандар күдігіне полиция жауап берді
15.10.2024
Дубайдан қымбат үй алған экс-шенеуніктер: Қаржы министрлігі олардың декларациясын әлі тексермеген
15.10.2024
АЭС құрылыс қалай қаржыландырылады?
15.10.2024
Шерзат ісі: прокуратура ашық сот өткізу өтінішін қолдайды
15.10.2024
Жиын-тойды азайтып, миллиартаған ақшаны үнемдедік – қаржы министрі