«Шерзаттың әкесіне уәде бердік»: депутат Талғардағы жағдайға қатысты көзқарасын айтты

2024-10-16 10:27:48

«Өкінішке қарай, елімізде соңғы кезде келеңсіз жағдайлар болды. Қостанай облысында 5 бала өртте қаза тапты. Әскердегі жағдайлар бар. Бірінші кезде дүрліккенде полицияның бақылауында деп ойладық. Жергілікті орган басшылары бар. Өзіміздің өңір болған соң бірден хабарласып, азаматтардан не болып жатқанын сұрадық. Үйін өртеген соң дау одан әрі ұласып кетті. Барайын десем, іс онсыз да насырға шауып отырғанда қайғы жұтып отырған жерге барып «не болды?» деп сұрау да артық. Көзге артық көрінгендей болмайын деп, көмекшімді жібердім. Шерзаттың әкесі мені жақсы таниды екен. Біз қолымыздан келгенше көмектесеміз, халық алдында уәде береміз деп айттық», — деді Қасқарауов.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Талғарға Мәжіліс депутаты оқиға орнына мобилографын ертіп барып сынға қалған еді.