Жітіқарадағы жағдай: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

2024-10-17 08:27:19

Өңір әкімдігінің мәліметінше, жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.