Онлайн кредит 5 минутта мақұлданбауы мүмкін: жаңа шектеу ұсынылды

2024-10-16 14:27:42

Әбілқасымованың айтуынша, кредитті электронды түрде алуға тыйым салу халықтың шамадан тыс қарызға бату проблемасын шешпейді. Себебі адамдар онлайн ала алмаған несиесін банкке де барып рәсімдейді.

«Электронды түрде алуға тыйым салсаңыз, азаматтар бәрібір де банкке барып, кредит алуға мүмкіндігі бар. Сол себепті онлайн кредитке тыйым салу халықтың қарызға шамадан тыс батуы мәселесін толығымен шешпейді», — деп санайды агенттік төрағасы.

Дегенмен алаяқтарға тосқауыл қою үшін агенттік банктерді онлайн кредит рәсімдеу барысында қарыз алушыны қосымша тексеруге міндеттемек.

«Тәуекелі жоғары операциялар анықталса, мысалы әлеуметтік осал санатқа кіретін азаматтар, зейнеткер несие алса, банктер қосымша тексеріс жүргізуге міндетті болады. Бұл несиені бірден мақұлдауға жол бермейді, яғни бес минут ішінде 5 млн теңге кредит ала алмайсыз», — деді Әбілқасымова.

Агенттік Ресейдің тәжірибесін зерделеген.

«Егер операция күмәнді көрінсе, банктер кредит беруді тоқтата тұрады. Біз ресейлік тәжірибені зерттедік: онлайн несиені бірден мақұлдамай, кредит сомасына байланысты 3 сағаттан 2 тәулікке дейін уақыт өтуі керек», — дейді ол.

Айтуынша, қазір бұл ұсыныс банктермен талқыланып жатыр.

 

Последние новости

16.10.2024
«Еркені асырау оңай ма?»: әнші Raim бургер сатып жүр (ВИДЕО)
16.10.2024
«Заң аясында шешілуі керек»: Бейсенбаев Шерзаттың отбасын айыптап жатқандар жайлы айтты
16.10.2024
В Казахстане начинается новый сезон Национальной премии «Халықтың сүйіктісі — Народный любимец года».
16.10.2024
«Мықты ОПГ болса еститін едік қой»: Ардақ Назаров Хасан мен Талғарға сапары жайлы не дейді
16.10.2024
Коллекторлардың демалыс күні борышкерге телефон соғуға құқығы жоқ – Әбілқасымова
16.10.2024
«Касперский зертханасы» SilentCryptoMiner-дің жетілдірілген шабуылдарын анықтады
16.10.2024
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны азаймай тұр»: депутат газ инспекциясын құру мәселесін көтерді
16.10.2024
Енді тұрғын үй жинағы үшін коммерциялық банктерден шот ашуға болады: заң жобасы әзірленді