«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны азаймай тұр»: депутат газ инспекциясын құру мәселесін көтерді

2024-10-16 12:28:01

«Бүгінгі күні еліміздің 11 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада газ тарату жүйесі жұмыс істейді. Тұтынушылар арасында газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатқанымен, жазатайым оқиғалар артып келеді. 2019-2023 жылдары аралығында газ пайдаланудан зардап шеккендердің саны 536 адам болса, оның 186-сы —  адам өлімі. Мысалы, 2019-2022 жылдары жылыту кезеңінде Шымкент қаласы бойынша келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны — 22, ал зардап шеккендер — 55 адам, оның ішінде өлім жағдайымен аяқталған 13 оқиға тіркелді. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары жылыту кезеңінде келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны — 14, зардап шеккендер саны — 22 адам, оның ішінде өлім жағдайымен аяқталған 17 оқиға тіркелді», — деді ол.

Мәжіліс депутатының айтуынша, тұрмыстық баллондар мен газ тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар 2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілген.

«Бұл мүлдем жеткіліксіз. Бақылаушылардың саны да, бақылайтын, тексеретін базасы, керекті құралдары да жоқ, міндеттері мен жауапкершіліктері де белгіленбеген. Бұрынғы газ инспекциясы құрылмаса, қауіп-қатер азаймайды. Керекті қаржыға келсек, қираған ғимараттардың құны бұл шығыннан әлдеқайда көп. Адам қаупсіздігінен қаржы үнемдеудің керек емес екені сірә дә белгілі. Сондықтан, газ пайдалану қауіпсіздігін қадағалайтын және жауап беретін органды қарастыруды ұсынамын», — деді депутат Үкімет басшысы Олжас Бектеновқа жолдаған сауалында.

 

Последние новости

16.10.2024
Енді тұрғын үй жинағы үшін коммерциялық банктерден шот ашуға болады: заң жобасы әзірленді
16.10.2024
Жетісу облысында миллиардтаған қаржы бөлінген әлеуметтік нысандар аяқсыз қалған
16.10.2024
Сахнаға оң қолын байлап шыққан Димаш Құдайберген жанкүйерлерін алаңдатып қойды
16.10.2024
«Блогерлікті бопсалау құралына айналдырды»: депутат «инфосығандарды» бақылауға алуды ұсынды
16.10.2024
«Жәбірленуші екеніңді дәлелдеу – қиынның қиыны»: Дана Нұржігіт әділдікке әрең жеткенін айтты
16.10.2024
2025 жылы Оразаның қай күні басталатыны белгілі болды
16.10.2024
Бүгін түнде Астанада тағы бір жатақхана өртенді
16.10.2024
Жаңа заң: кредит төлеуді кейінге қалдыруға болады. Ол жеңілдікке кімдер ие