«Жәбірленуші екеніңді дәлелдеу – қиынның қиыны»: Дана Нұржігіт әділдікке әрең жеткенін айтты

2024-10-16 12:28:00

Сонымен болары болып, бояуы сіңді. Бұл кітаптың бетін жабамын. Мен сүйікті кәсібіме оралдым. Жаңа командаммен жоспар құрып жатырмыз, денсаулығым жаймен дұрысталып келеді, ештеңеге алаңдамай жұмысқа кірісіп жатқан жайымыз бар. Баққаны – өсек ұсақ адамдар мейлі, ол 20-дағы жас болсын, мейлі 50-дегі ересек болсын, сол деңгейде өмірбақи қалады. Адам өзгермейді екен. Ол өзінің соры, біреудің соры болып туатын бейбақтар. Оларға да күн керек, не істейміз енді?! Мен өз бағымды, бақытымды шығармашылықтан, ана болудан тапқан жанмын. Кеше 4 сұхбат жаздым», — дейді Дана Нұржігіт.

Журналист қылмыскерді заңмен орнына қою керек екенін айтты.

«Қылмыскерді орнына қою заңды жолмен ғана жүруі тиіс. Бірақ жәбірленуші екеніңді дәлелдеу қиынның қиыны екенін өз басымнан көрдім. Әділет жолы – тар жол тайғақ кешу. Шыдас берсең ғана, жеңесін! Өзің сауатты болып, зерттеп, оқып, өз мәселеңді өзің шеше алатын білім мен табандылығыңның арқасында мақсатқа жетесің», — дейді журналист.