Депутаттар балаларды 12 жастан қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды: Үкімет бұған не дейді

2024-10-17 12:27:26

Бұған дейін Мәжілістің бір топ депутаты балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған. Алайда Үкімет бұл ұсынысты қолдаған жоқ.

«Жауапкершілікті 12 жастан бекіту балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді. Себебі бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қаншалықты қауіп төндіретінін толық түсінбейді», — дейді Олжас Бектенов.

Осы орайда премьер әлемдік тәжірибені мысалға келтірген. Оның айтуынша, Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбритания елдерінде қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады.

 

Последние новости

17.10.2024
Ұстаздарға сынып жетекшілігі үшін қосылатын үстемақы 30%-ға өседі
17.10.2024
Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге: күдікті 11 жылға сотталуы мүмкін
17.10.2024
«Жүрегім қан жылап тұр»: Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жан тебірентерлік жазба жариялады
17.10.2024
Атаулы әлеуметтік көмек алу: министрлік қойылатын талаптарды жариялады
17.10.2024
Жамбыл облысында 13 жастағы қызды туған бауырлары алты жыл бойы зорлап келген
17.10.2024
7 балаға небәрі 103 мың теңге: көпбалалы отбасыларға қандай көмек беріледі?
17.10.2024
Санкция салдарынан ұшақ жетпей жатыр: Ресей Қазақстаннан көмек сұрады
17.10.2024
Жітіқарадағы жағдай: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді