Талғардағы қанды оқиға: жұмысынан босатылған Хасанның ағасы еңбек жолын қайдан бастаған

2024-10-17 14:27:43

1988-1999 жылдары Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылында орта мектепті бітіріп, 1999-2002 жылдары Д.А.Қонаев атындағы колледжіне түсіп, құқықтану мамандығын бойынша білім алған.

2006-2010 жылдар аралығында Орталық Азия Университетіне түсіп, заңтану мамандығын тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2002-2006 жылдары Атырау облысы, Тенгиз Шевройл «Паркер Дриллинг Компаниясында» мұнай саласында жұмыс істеген.

2006-2007 жылдар аралығында Талғар аудандық жылжымайтын мүлік орталығында инспектор;

2007-2016 жылдар Талғар аудандық Әділет басқармасында инспектор қызметінде болған.

2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдан бастап 2024 жылғы 15 қазанға дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

Еске салсақ, осыған дейін Талғар қаласында 16 жасар Шерзат Полаттың өлімінен кейін, әлеуметтік желілерде және кейбір ақпарат құралдарында Талғар ауданы әкімдігі аппарат басшысының туыстары жайлы ақпарат тарады. Аслан Қасымбаев «хуторлық Хасан» деген атпен танымал қылмыстық тұлғаның туған бауыры екені жазылды. Кейін Хасан Қасымбаевтың өзі бұл деректерді жоққа шығарды. Дегенмен Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы жұмыстан босатылды.