«Отырып, тұра алмайды». Адвокат Шерзаттың пышақталған ағасынан жауап алынғанын айтты

2024-10-22 20:27:27

«ЖҮРІП ЖАТЫР» 

Шерзат Болатқа арналып ашылған желідегі парақшаға жарияланған видеода адвокат Нұрқанат жауап алуға таңда кіргеннен кешке бір-ақ шыққанын айтады. Қылмыстық кодекске сай, тергеу барысынан хабардар етуге заңмен тыйым салынғандықтан, адвокат қысқа сөйлеп, жәбірленушіден де тергеу туралы ештеңе айтпауды сұрайды.

Өзіне сөз берілгенде Нұрқанат «кішкене шаршадым, болып жатыр, жүріп жатыр» деп қысқа ғана қайырды тергеу барысы туралы.

«Біздің заңгерлеріміз жауап алудан жаңа ғана шықты. Бүгін сұрақтарына Шерзаттың ағасы жауап берді. Ол пышақтан жарақат алу себептігінен қазір отыра және дұрыс тұра алмайды да, бірақ барлық сұрақтарына жауап берді» делінген  парақшадағы жазбада.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚҰТҚАРҒАН

Сондай-ақ жазбада Шерзаттың ағасы ұзық жылдан бері медицина саласында қызмет ететіні, қызмет бабымен әскерилерді құтқарып қалғаны айтылған.

«Біз сіздерді оқыс оқиғадан зардап шеккендердің бірі, Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғаепбаевпен таныстырғымыз келеді. Ол 9 жылдан аса уақыт жедел жәрдем бригадасында реаниматолог болып жұмыс істеген. 2021 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметінің АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайына қону кезінде апатқа ұшырағаны көптің есінде. Сол кезде Нұрғанат жанып жатқан ұшақтан екі әскери қызметкерді аман алып қалған. Сондай-ақ қызмет барысында ол әйелдерді шұғыл босандыруға қатысқан. Інісі Шерзат қайтыс болатын күні ол оны қорғамақ болып, бірнеше рет пышақ жарақатын алған» делінген жазбада.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты.

Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, «әділ тергеуге кепілдік береміз» деп ақпарат таратқан. Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді.

Қаза тапқан жасөспірімнің әкесі бейнебақылау камерасының жазбасын әлдекімдер өшіріп тастағанын айтқан еді. Алайда ІІМ ол мәліметті жоққа шығарды. 9 қазанда депутат Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдап, 16 жасар азаматты өлтірген, жақындарын аяусыз сабаған қылмыскерлер қамауға алынып, оларға заңға сәйкес әділ жаза берілуі тиіс деп мәселе көтерді. Ал оның әріптесі Абзал Құспан қылмыстық кодекстің 201-бабын (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) өзгерту керек деп есептейді. Бұл қажеттілік оның сөзінше, Талғардағы жасөспірімнің өлімінен кейін айқын сезілген.

Ulysmedia.kz күдіктілердің бірі таяуда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеуі керек болғанын, екінші күдікті жауапкершіліктен жалтарып кеткенін анықтаған еді. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.

Сонымен қатар, Жақып Асанов осы іске қатысты өз есімінің аталуына байланысты түсініктеме берген.

 

Последние новости

22.10.2024
Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні өмірден өтті
22.10.2024
Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге тапсырылған үйлерге бүгінге дейін жылу берілмеген
22.10.2024
Таңбалау отандық өндірушілердің түбіне жетеді: салалық қауымдастықтар премьерге үндеу жолдады
22.10.2024
«Мақсатты мектеп»: аяғы ауыр мұғалімдер мен директорлар неге тест тапсырмайды
22.10.2024
Yandex Qazaqstan Яндекс Карты қолданбасына баспалдақтар мен тік өрлерді айналып өту мүмкіндігін қосты 
22.10.2024
Мемлекетке қайтарылған қаржыға Ақмола мен Түркістан облыстарында спорт және музыка мектебі салынады
22.10.2024
Театр қызметкерлерінің айлығына бюджеттен қанша қаражат бөлінді – Бектеновтің жауабы
22.10.2024
Қорғаныс министрлігі 1500 грант ұсынған: тегін оқуға 18 мыңдай сарбаз үміткер болды