Қызылордада оқушыны өлтірген оқушыға үкім шықты

2024-10-28 12:27:14

Осы жылдың ақпан айында 9-сынып оқушысының денесі оның үйінің жанынан табылды. Сотта белгілі болғандай, Белкөл кенті орта мектебінің оқушылары тұрғын үйлердің бірінің кіреберісіне жиналып, төбелескен.

Кәмелетке толмаған сотталушы жәбірленуші А. кәмелетке толмаған баламен жанжалдасып, оны кеудесінен екі ұрған. Салдарынан жәбірленуші жүректің рефлекторлық тоқтауын алып, оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіге соққыдан дене жарақаты «кеуде қуысының жабық жарақатынан жүректің рефлекторлық тоқтауы, жіті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі» анықталды, — делінген Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған қызылордалық ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды («абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»), сотталушыға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Последние новости

28.10.2024
Алаяқтықтың алдын алу: жаңа жылдан бастап онлайн кредит алу қиындай түседі
28.10.2024
«Ұлының көңілі түсіп кетті»: Мейрамбек Бесбаевтың жары гендер патидің қалай өткенін көрсетті
28.10.2024
Мұнай бағасы күрт арзандады
28.10.2024
«Жолға шығуға мәжбүр болды»: Астанада автобус бойжеткенді қағып өлтіргені туралы хабар тарады (ВИДЕО)
28.10.2024
«Ешкімге ғашық емеспін»: Мақпал Жүнісова «күйеуге шықты» дегендерге жауап берді
28.10.2024
Қайтарылған активтер: 12 млрд теңгені мемлекет әлеуметтік жобаларға жұмсайды
28.10.2024
«Лаборатория Касперского»: 15% родителей в Казахстане сообщили, что их детям предлагали общение во время онлайн-игр
28.10.2024
Маңғыстаудағы жағалауда 150 ден астам итбалықтың өлексесі табылды