Желіде тараған видеода мектепте оқушыларға берілетін тамақтар сақталған қойманың жай-күйі көрсетілген.
“Қоқыста балалардың тамақтары тұр. Қуырылған бәліш сатып отыр. Ол аяқкиімдердің жанында тұр. Бұл жер – қойма… Айтарға сөзім жоқ. Шаң, өрмекшінің торы. Осы жерге балалардың тамағын қойған. Мүмкін осы жерде жасайтын да болар”, – дейді видео авторы.
Алматы облысы Білім басқармасы бұл видеоға қатысты пікір білдіріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство бұл видеоның жалған екенін мәлімдеді.
“4 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай аудандық сотында ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық іс қаралды. Тарптар бітімгершілік келісімге келді, сот бекітті. Талапкер арыз-шағымын қайтып алды. Ал жауапкер Әсет Оңалбаев 2024 жылғы 14 сәуір күні TikTok-тағы видеоны алып тастауға және жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұраған видео жариялауға міндеттелді. Осыған қарамастан талапкер соңғы жазбаларға байланысты тағы арыз түсірді. Видеоның жалған екенін ескеріңіздер”, – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.