Видеоны құтқарған жігіт желідегі «xan_0911» парақшасына жариялаған.
«Барлығыңызға рахмет! Сіздерге де Алланың нұры жаусын! Менің орнымда басқа бір адам болғанда да осылай жәрдем беріп, батып жатқан бүлдіршінге алғашқы көмегін беріп, қолынан келгенін аямайтыны анық», — деп жазды құтқарушының өзі.
Ол өз сөзінде баланың жағдайы туралы айтып өтті.
«Бала лас суды көп жұтып қойды», — дейді ол.
Ұл баланың құтқарылғаннан кейінгі «Рахмет, аға» деген сөзі мен құтқарушының батыл әрекетіне қатысты желі қолданушылары пікір білдірді.
«Өзі жылап жатып, рахметін айтып жатыр», «Құтқарған адамды тауып, үй мен көлік берсін», «Бір адамды құткарғаның ол бүкіл адамзатты құтқарумен тең, бауырым жарайсың», — деп жазды желі қолданушылары.