Видеода Нұрсұлтан Назарбаевтың келіссөздер үстелінде темекші шегіп отырғанын байқауға болады. Ал видеоны желіге салған адам бұл сирек кадрлар 1991 жылдың күзінде түсірілгенін жазған.
«1991 жылдың күзі. Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен Арменияны татуластыру мақсатында бітімгершілік миссияның алғашқы сапарымен келген кезі», — делінген видеода.
Тұңғыш президенттің сирек видеосына көпшілік түрлі пікір қалдырған.
«Кім не десе де, өте мықты саясаткер болды. Саяси аренада онымен санасқаны көрініп тұр. Осы жылдары халықтың жағдайы мүлдем нашар болды. Айлық, зейнетақы, жұмыс жоқ. Сол жағдайдан алып шықты Назарбаев, рақмет бұл кісігіе», — деп жазды олар.
Осы жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған бітімгершілік миссиясы жайлы ресейлік журналист Леонид Млечин де айтқан болатын.
«Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың күзінде таулы Қарабақтарға бітімгершілік миссиясымен барды. Ол осы этносаралық қайшылықтардың, осы өзара жеккөрушіліктің қарқындылығын көргенде қатты таң қалғанын жеткізді. Кейін Назарбаев «Қазақстанда мұндай жағдай болмауы үшін бәрін жасаймын» деп ант берді», — деген еді танымал ресейлік журналист.