Оқиға 27 қазанға қараған түні Жаркент қаласында болды. Екінші топтағы 65 жастағы мүгедек адам психикалық күйзеліс жағдайында жұбайына пышақ жарақатын салған.
Әйел адам алған жарақатынан келесі күні ауруханада қайтыс болды. Ер адам бұл жағдайды көтере алмай, өзін де пышақтап, өлтірмек болды.
«Панфилов ауданының полициясымен 65 жастағы ер адамның өз әйелін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Әйел адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Күдікті ұсталды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.