«Мен мағлұматты өздеріңіз сияқты кеше ғана Telegram каналдан оқыдым. Бірақ ол іске қатысты менде ешқандай мағлұмат жоқ. Қажет болса, баспасөз өкілі бар. Сол кісіге сұрағыңызды жолдаңыз. Жауап береді», — деді Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Ғалымжан Қойгелдиев.
Естеріңізге салайық, танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбатқа шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.
21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Жақында қылмыстық іс тоқталды.