Осы іске қатысты бес азамат ұсталған.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бесеуі де сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Осы қылмысқа Хасан Қасымбаевтың да қатысы бар болып шықты. Алайда видеодағы оқиғаның өзіне Хасан Қасымбеков қатыспаған. Алайда бұл іске Хасан өзі тапсырма бергені үшін күдікті болып отыр.
Видеода бір топ ер адам көшедегі адамды бас салып, ұрып-соғып көлікке салып алып кетеді.
Естеріңізге салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екені, оның лидері Хасан Қасымбаев екені туралы қауесет тарай бастады. Алайда Ішкі істер министрлігі Қасымбаевтың күдіктілермен байланысы анықталмағанын, «Хуторские» деген банда да жоқ екенін мәлімдеген.
Хасан Қасымбаевтың өзі де бейнеүндеу жариялап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.