Raim-ның концертінде Ерке Есмахан сахнаға шығып, жолдасымен бірге су жаңа әнінің тұсауын кесті.
«Сен маған ұл сыйласаң… Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын», – деді Есмахан.
Одан кейін әншінің сөзден шатасқанын көпшілік байқап, ду күлді.
Сахнада тұрған Raim әзілді іліп әкетті.
Жүрек, үйге барып тамақ істеп қойшы, мен екі сағаттан соң барамын», – деді әнші.
Сахнада тұрып ұялғанын жасырмаған әнші жеке парақшасында бөлісті.
“Теңіздің өзі мен сияқты шаймайтын шығар?! Не енді мынау?! Үлкен сахнада тұрып, “Ұл мен гүл” деп шатасқаным ұят болды”, – деп жазды Ерке.
Еске салайық, Ерке Есмахан кішкентай ұлын көпшілікке көрсетуге дайындалып жатқанын айтқан еді.