Саңыраулар қоғамының лауазымды қызметкері 115 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

2024-11-07 08:27:23

Антикор мәліметінше, ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өзінің шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінді.

Тергеу жалғасуда.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — делінген хабарламада.