«Құлақ тескені үшін той жасайды»: Альбина Шардарова қытай қазақтарының тойын көрсетті

2024-11-06 16:27:47

Өнер иесі қытай қазақтарының той жасаудағы ерекшеліктерін атап өтті.

“Мұнда бәрі басқаша екен. Қытай қазақтарына ғашық болдым. Сондай қарапайым, жарысу деген жоқ, бәрі шынайы. Басында не той екенін түсінбедім. Сөйтсем, “сырға салу” той екен. Құлағын тесіп, сырға таққанда солай той жасайды екен. Мүмкін біз жақта да бар шығар, бірақ мен бірінші рет көрдім. Тойхана келсек, кәдімгі қытайша, айналдыратын стол, бір реттік ыдыстар қояды екен. Той біткен соң жуып жүрмейді, қоқысқа тастай саласың. Біздегі сияқты той басталғанда үстелді толтырып тастамайды.  Біртіндеп алып келеді екен. Сонда ысырап болмайды дейді. Той бастала салып пакет қойып қояды екен. Сосын сөз сөйлемейді, ойын ойнатпайды, тек тамақ ішіп, билейді. Сосын тағы бір байқағаным, бәрі биязы, біздегідей жұлқынып тұрған ешкім жоқ. Баяу әнге де, ырғақты әнге де бірдей билейді екен. Басында таңғалып отырсам, бір апам биге шақырды, ырғақты әнге вальс биледік әлгі жерде”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, «Егіз-лебіз» жобасынан жеңіліп қалған Альбина Шардарова сахнада жылап қалған еді.

 

 

Последние новости

06.11.2024
Айгүл Иманбаева сырқаттанып, ауруханадан бір-ақ шыққанын айтты
06.11.2024
Иви показал новую тизер-сцену из детективной военной драмы «Враг у ворот» с Филиппом Янковским и Александром Новиным в главных ролях
06.11.2024
Ақмола облысындағы ОАӨЭЫ және Coca-Cola жобасы суару шығындарын 6 есе қысқартуға көмектесті
06.11.2024
Адамдарды тырнап, тістеу фактілері кездескен – депутат квадробика мәселесіне алаңдаушылық білдірді
06.11.2024
Проект РЭЦЦА и Coca-Cola в Акмолинской области помог снизить затраты поливной воды в 6 раз
06.11.2024
«Бізге төнген қауіп-қатерге жеткілікті»: Жазықбаев Қазақстанның аспаны қалай қорғалғанын айтты
06.11.2024
2025 жылы қазақстандықтардың жалақысы өсе ме?
06.11.2024
Тоқаев Парижден кейін Бішкекке барды