Ол Instagram парақшасында марқұм күйеуі жайлы әсерлі естелік видео жариялады.
«Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз.
Көңіліме қаяу түскелі – тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім.
Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы
Айта кетейік, танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев 2022 жылдың 6 қарашасында өмірден өткен болатын.