Үкіметтің бұрынғы уақыт белдеуін қайтармайтынын түсінген астаналықтар әкімнен тым болмаса жұмыс кестесін бір сағатқа шегеруін сұрады.
“Бұрынғы уақыт белдеуін кері қайтара алмаймыз. Бірақ әкім ретінде жұмыс кестесін бір сағатқа ауыстыра аласыз ба? Балалар кеш келеді, кешкі 17:00-де қараңғы түседі. Сондықтан жұмыс уақыты ертерек басталса”, – деп өтініш жасады елорда тұрғындары.
Қала әкімі бұл мәселені көп болып ақылдасу керегін айтты.
“Мұны адамдармен талқылау керек. Сіздердің бұл ұсыныстарыңыз біреуге ұнамауы мүмкін. Мен оған сенімдімін. Бәріне ұнайтын шешім қабылдау мүмкін емес”, – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.
Бұған дейін уақыт белдеуінің қазақстандықтардың жағдайына әсерін анықтайтын мониторингтік топ құрылғаны туралы жазған еді.