Семей қаласында жолаушылары бар жүргізуші полиция талаптарын орындаудан бас тартып, елді мекеннің көшелерімен қашуға тырысты. Полиция оның жолын жауып, тығырыққа тіреп ұстады. Құқық бұзушы қолға түсті.
«Абай облысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың 81 пайызы жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты», — делінген облыстық ПД хабарламасында.