“Құрметті достар!
Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін.
Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ.
Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл #1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін” деді ол.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов қызметінен кеткен.
Жаңа басшылыққа бұрыңғы ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков тағайындалуы мүмкін деген ақпарат бар деп жазады спорт журналисі Ермұхамет Мәулен.
Бұған дейін федерация басшысы болған Әділет Бәрменқұлов шектен шыққан Черчесовке айыппұл салынғанын айтқан еді.