Қаралы хабар туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры хабарлады.
Ғафиз Есімов 1975 жылдан осы өнер ордасының олисі болып қызмет жасаған.
“Ғафиз Есімовтің қазасына орай барша өнер сүйер қауымға, отбасына театрдағы сүйікті шәкірттері, замандастары, театр ұжымы қайғырып көңіл айтады” делінген өнер ұжымының хабараламсында.
Әртіс шығармашылығында Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайында»), Думан (Е.Брусиловскийдің «Дударайында»), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің «Алпамысында»), Құрманғазы (А.Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың «Құрманғазысында»), Онегин (П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде»), Жермон (Дж.Вердидің «Травиатасында»), Дон Жуан (В.Моцарттың «Дон Жуанында») және көптеген кейіпкерлердің рөлінде негізгі партияда шырқаған.
Ғафиз Есімовтің режиссерлік жұмыстары да көрермен есінде. Қоюшы-режиссер ретінде Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсын, Брусиловскийдің «Қыз Жібек» спектаклін қайтадан жаңартып қойған.