Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қорында 10 құрылтайшы бар: олар кімдер

2024-11-15 10:27:46

САН ПІКІР

«Еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталды» деген ақпарат кешелі бері БАҚ-тардан бастап бүкіл әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан бастап, Biz Birgemiz қорын білген, естіген, ақша аударған адамдар бір ауыз пікірін қалдырып, болған оқиғаға үн қосады. Бірі кінәлайды, екіншісі “кінәсіздік презумпциясы сақталмай біржақты айып тағылып отыр” деп есептейді. Сан пікірдің туындауына Қаржы мониторингі агенттігінің Перизат Қайраттың “600 млн теңгеге үй алып, ең қымбаты 88 млн теңгенің көлігін мініп, бесжұлдызды қонақүйлерде демалғаны” жайлы ақпарат таратқаны “тұздық” бола түскендей. Пікір қалдырғандардың кейбірі бұл тек тергеу нұсқасы екенін есепке алмай жазғаны байқалады.

СОНЫМЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР КІМДЕР

Ulysmedia.kz ресми ашықдереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көрді. Қордың алғаш Астана қаласының Әділет департаменті 2021 жылы қарашада тіркеген. Қордың толық атауы – «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі.

Қорды құрылтайшыларының тізімінде Перизат Қайраттың өзімен қосқанда 10 адам бар. Олар:

Тізімдегі құрылтайшылардың біразының есімі Amanat партиясымен байланысты. Мәселен, Сергей Матюшенко партияның Астана қаласы Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы. Елордалық Азаматтық альянсты директоры болғанын әлеуметтік желіде жазады. Өзін желіде қазақ тілін білетін украин деп таныстырады.

Мағзұм Арсланбек Астана қаласы «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасы. 2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланған.

Болысов Тохтар Коммунарович ашық дереккөздерде INMODE және CONSULT-INVEST ITIC компаниясының жетекшісі ретінде көрсетілген. Оның сонымен бірге, Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты жөнінде кеңесшісі екені жазылған. 2018-2024 жылдар аралығында Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры.

Серикжанова Айгерим Тельжановна Amanat партиясы жанындағы «Жастар Рухы «Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының бұрынғы құрылтайшысы және SAT MEDIA компаниясының басшысы.

Хафиз Аян Бауыржанұлы – Amanat партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты » қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының бұрынғы құрылтайшысы.

Тізімдегі басқа құрылтайшылар жөнінде ашық ақпарат көздерінде мәлімет табылмады.