Келесі Ұлттық құрылтай Бурабайда өтетін болды

2024-11-15 16:27:25

Президент осы құрылтайда Қазақстанды одан әрі дамытуға қатысты тың жоспарларды жария етпек.

«Бұрынғы жоспардың бәрін қазіргі күннің талабына лайықтап, түзету қажет. Мен бұған дейін реформалар тоқтап қалмайтынын нақты айттым. Өйткені елімізді жан-жақты жаңғырту ісі үздіксіз жалғаса беруге тиіс. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Соған сай жаңа бастамалар мен жоспарларды жүзеге асырамыз. Қазір оның бәрі мұқият зерделеніп жатыр. Келесі жылы халыққа ұсынатын боламын. Кейбір бастаманы әдеттегідей Ұлттық құрылтайда жариялаймын. Оның кезекті отырысы Бурабайда өтеді. Қалғанын Жолдауда айтамын», — деді Тоқаев бүгінгі форумда.

Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанды құру жолында әлі де көп жұмыс істеу қажет.

«Ол үшін жалпыұлттық бірегейлігіміздің негізін ұдайы нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, экономиканы дәйекті түрде дамыту керек. Елдік мақсаттарымыздың көкжиегін көре білу маңызды. Сонда ғана алдымызға қойған стратегиялық міндеттердің бағытынан ауытқымаймыз. Бос әңгімелер мен өнбес дауларды қумай, болашаққа сеніммен қадам басуымыз керек. Батыл бастамаларымызды бірге жүзеге асыратынымызға сенімдімін», — дейді президент.

 

Последние новости

15.11.2024
«Сыйақы қалады!»: Тоқаев мемлекеттік қызметшілер үшін сүйінші жаңалық айтты
15.11.2024
Күні кеше қолға түскен Перизат Қайрат Динара Сәтжанды да алдаған ба
15.11.2024
Танысы жоқ талант: әскерде ән айтқан сарбаздың өнері көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
15.11.2024
«Ешқандай отырыс өткізбеген». Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясыннан қуылды
15.11.2024
«Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз»: Мақпал Жүнісова анасын туған күнімен құттықтады
15.11.2024
Петропавл трагедиясы: Адам жерлейтін кәсіпкерлер бір отбасыны тендер үшін өлтіріп кеткен (ВИДЕО)
15.11.2024
«Сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайды»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын сотқа бермек
15.11.2024
Республикалық ауыл әйелдерінің форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты