Үкіметтен мәлімдеме: 8 млн адам декларациядан босатылады. Ол нені білдіреді

2024-11-19 10:27:39

ҚАРЖЫ МИНИСТРІ НЕ ДЕЙДІ

Үкіметте баяндама жасаған қаржы министрі Мәди Такиев алғашқы үш кезең аясында жалпыға бірдей декларациялау жүйесінен 4,8 миллион адам өткенін айтады. Оның ішінде мемлекет қызметкерлері, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары бар.

2025 жылы декларация тапсыруға мәжбүр болған 8 миллион адамды қаржы министрі декларация ұсынудан босатуды ұсынды. Олардың ішіне студенттер, үй шаруашылығындағы азаматтар, зейнеткерлер және басқа да азаматтар кіреді. Тәкиевтің айтуынша, бұл жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамына әсер етеді.

ҰСЫНЫСТЫ ҚОЛДАЙМЫН

Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсынысты қолдап, қаржы, ұлттық экономика және әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындап, Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

– Қазір декларацияны 4 миллионнан астам адам тапсырып жатыр. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы азаматтардың барлық басқа санаттары декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұл халықтың алаңдаушылығын туғызды, оған мемлекет басшысы назар аударды, — деді Олжас Бектенов.

Премьер Қазақстандағы мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылғанын атап өтеді. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілген. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылған. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар.

– Мен қаржы министрінің 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарының активтері туралы декларацияларды міндетті түрде ұсынудан босату туралы ұсынысын қолдаймын, — деді Бектенов.

Декларациялауды мынадай санаттағы азаматтар үшін сақтау ұсынылады: Қазақстаннан тыс жерлерде активтері бар, жыл ішінде құны 20 мың АЕК-тен асатын сауда жасағандар (74 миллион теңге).

 

Последние новости

19.11.2024
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру он күннен кейін басталады – АШМ
19.11.2024
Қазақстанда уақыт белдеуі өзгермейді – Үкімет даулы мәселеге нүкте қойды
19.11.2024
Социальные проекты демонстрируют рост интереса казахстанской молодежи к бизнес-образованию
19.11.2024
Әлеуметтік жобалар қазақстандық жастардың бизнес-білімге деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді
19.11.2024
«Бетімнен сүйіп, әр жерімді сипалады»: Алматыда мүгедек әйел күтушісін сотқа берді
19.11.2024
Ресей-Украина соғысына 1000 күн: екі жақтан қанша адам опат болды
19.11.2024
Ақтау тұрғынын соққыға жығып, тонап кеткен: шетелге қашып кеткен күдікті ұсталды
19.11.2024
Су тасқынына дайындық: елімізде 1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті