Таяуда Қаскелең қаласында қала ішілік автобустар жүре бастайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Бұл туралы аудандық әкімдіктегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақанбаев мәлімдеді.
Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда бұл қоғамдық көліктерді іске қосуға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудандық әкімдіктің қаулысы шыққан соң, хабарландыру беріледі. Аталған маршрутты автобустар бірнеше ауылдық округтерді де қамтып, қала ішінің үлкен көшелерін басып өтеді. Бөлім басшысының айтуынша, Жандосов, Райымбек, Әйтей, Елтай округтері де осылай аудан орталығымен байланыстырылмақ. Көліктер тамыз-қыркүйек айларында жүре бастайды деп жоспарлануда.