28 тамызда Қарасай ауданына қарсты Көксай ауылында жасырын түрде арақ-шарап шығарған цех әшкереленді, деп хабарлайды Kaskekenkz тілшісі. Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, заңсыз кәсіпті бір топ адам бірлесе жүзеге асырған.
Аталған факті бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ҚР ҚК 233-бабы 2-бөлігі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, жасырын цехты ұйымдастыру және алкоголь өнімін дайындау бойынша қылмыстық ісі қозғалды.
Жедел іздестіру іс-шарасы барысында анықталғандай, алкоголь өнімдері үй жағдайында қолдан құю арқылы жасалған. Департамент қызметкерлері бұл күні "Хаома", "Немиров", "Бульбаш", "Зерно", "Синяя гора", "Налюбоки", "Талка", "Беленькая" маркалары жапсырылған 467 бөтелке арақ, 500 дана жалған акциз маркаларын және 2 тоннадан астам спирт тәркіледі. Ішімдік жасалған шикізатқа сараптама тағайындалған.
Көксай ауылында жасырын арақ жасағандар ұсталды / 34?
2019-08-29 14:09:18
Последние новости
28.08.2019
Ауруханадағы "Мектепке жол" / 7?
16.08.2019
«Кис-кис мяу» / 29?