15 қыркүйекте болған Қаскелең - 1 Алматы маршрутты № 456 автобус пен Алматы - Қостанай бағытындағы поездтің қақтығысы санаулы минуттарда әлеуметтік желіде жаппай таралып үлгерді.
Жантүршігерлік жол оқиғасының орын алуына не себеп немесе кім себепкер болды? Видеоны көргендер бірден жүргізушіні кінәлады. Себебі, поезд жүретін аумақта аялдап тұруға мүлдем болмайды. Бұған байланысты ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, теміржолда тұрған автобусты көрген пойыз жүргізушісі сағатына 97 км жылдамдықпен келе жатып 500 метр жерден тежеуішті басқан, өкінішке қарай, оқиғаның алдын ала алмағандығын жеткізді. Оның айтуынша, пойыз 2434 метр жақындағанда, қалааралық дабылқаққыш құрылғылары автоматты түрде іске қосылып, дыбыстық сигнал ойнап, бағдаршамдардың қызыл түсі жанған. Ал, шлагбаум толық жабылмай қалған» .
Оқиға орын ала салысымен, аудан әкімі Жандарбек Далабаев халық ортасына жедел жеткен. Жантүршігерлік жағдайға куә болып, абдыраған әрі ашынған тұрғындар аудан басшысымен бірден диалогқа келе қоймады. Себебі, сонша жылдан бері осындай қауіптің барын айтып келе жатқанымен, еш нәтиже шықпағанына қапалы жұрт.
Дегенмен, дәл осы жерге көпір салынбайтынын, мұндай күрделі мәселе бүгін-ертең шешіле салмайтынын ашық айтқан Жандарбек Ермекұлы сейсенбі күні жергілікті тұрғындармен қайта жүздесіп, ашық сөйлесетінін мәлімдеді. Аудан басшысы ешқайда қашпайтынын, халықпен әрдайым бірге екенін де жеткізді.
Түнде жиналған құзырлы мекеме өкілдерінің қарасы ертесінде де сейілмеді. Ішінде бір отбасының асыраушысы, үш баланың әкесі қаза тапқан қоғамдық көлік оқиға орнынан алынды. Ал, тұрғындардың қорқынышы үдей түсті. Жалпы, қоғамдық көліктегі 67 жолаушыны түсіріп жіберіп, жалғыз өзі көлікте қалып жан тәсілім еткен жүргізуші жайлы деректер сан-саққа жүгіргені рас. Бірі ол қорқыныштан өзін өзі басқара алмады деді, тағы бірі үлгермеді деді, келесісі әдейі шықпады деді. Алдын ала болжамға қарағанда автобус жасыл жанғанда пойызжолға өтіп алып, кептеліс кесірінен не алдыға не артқа жүре алмай қалған. Марқұмның әйелі сол автобуста кондуктор болған. Артында 4 баласы жетім қалды.
Ал, ресми мәліметтерге сүйенсек, 1990 жылы шығарылған Setra автобусының техникалық тексеру мерзімі 2019 жылдың 16 шілдесінде аяқталған. Көлік содан кейін тексеруден өтпеген.
Негізі, жарақаттанғандар саны 9 делінген алғашқы дереккөздерде. Жағдайы тым нашар үшеуі. 1986 жылғы ана мен жасөспірім қыздардың жағдайын облыс әкімі Амандық Баталов өзі тікелей бақылауына алған.
Шамалған бекетіндегі поезд бен автобус қақтығысы жайлы не білеміз? / 49?
2019-09-17 16:09:52
Последние новости
17.09.2019
Жасөспірімдермен еркін әңгіме өрбітті / 5?
11.09.2019
"Асыл армандағы" айқайға не себеп? / 110?