Елімізде 10-17 қазан аралығында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Шара қоғамдық көліктердің қатысы бар жол-көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Алматы облысында автобус жүргізушілерінің кінәсі бар 316 көлік апаты тіркелген. Оларда барлығы 50 адам қаза тауып, 553-і зардап шеккен.
Қарасайлық полицейлер де бұл науқанға білек сыбана кірісті. Қоғамдық көлік тізгіндегендерге жол ережесін бұзудың салдары қаншалықты қиын екені түсіндіріліп, заңды белшесінен басқандар жазаға тартылуда.
Қоғамдық көліктер қатаң бақылауға алынды / 56?
2019-10-10 12:16:34
Последние новости
05.10.2019
Жетісу көшесі тұрғындарының жанайқайы / 10?
02.10.2019
Тұмауға қарсы тегін екпе! / 21?