Бүгін, яғни, 2-қазанда, Қарасай аудандық орталық ауруханасында салтанатты түрде "Тұмауға қарсы егілейік!"акциясы басталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Әр жыл сайын тұмау және ЖРВИ алдын алу мақсатында осындай акция республика көлемінде қазан -желтоқсан айлары арасында өтеді.
Вакцинация тұмаудан болатын асқынулар мен өлім жітім көрсеткішін төмендетуге оң ықпал етеді. Осы уақыт аралығында барша қарасайлықтар аудандық ауруханаға барып, тегін екпе ала алады. Бірақ, ең алдымен терапевт дәрігердің бақылауынан өту міндетті.
Бүгінгі акцияның ашылу салтанатына аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев пен аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Нұрлан Олжабаев бастаған қос мекеме қызметкерлері қатысты. Емдеу мекемесіне келген тұрғындарға жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.