Ауданның 90 жылдығына орай, Қарасай батырға арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Ескерткіштің биіктігі 5,5 метр ал, оның тұғырының (постамент) биіктігі 4,3 метр бір сөзбен айтқанда, жалпы биіктігі 11 метрге жетеді. Қоладан жасалған. Сәулетшісі әрі мүсіншісі Нүркен Даукенов.
Салтанатты жиынға облыс әкімі Амандық Баталов, аудан әкімі Жандарбек Далабаев, меценат Болат Назарбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев, сондай-ақ, еліміздің әр өңірінен келген қонақтар қатысты.