Қаскелең қаласына қарасты «Алтын ауыл» ықшам ауданының тұрғындары мектепке барар жолда тайып-құлап жатырмыз деп шағым айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл видеоны жолдаған оқырманымыз қалалық әкімдік үйіне апарар дөңеске баспалдақ жасап берсе екен дейді. Себебі, осылай жол қысқартамыз деп, тіпті үлкен кісілердің аяқ-қолдарын мертіктіріп алғаны да бар көрінеді.
Жалпы, бір айтарлығы, елді мекендердің инфрақұрылымы бас жоспарға сәйкес жасалады. Яғни, жер телімін сатып алып, кез-келген жерден жол, су, жарық, газ сұрау, орынсыз әрекет. Әкімдік әрбір дөңеске баспалдақ пен өткел жасап бере беруге қауқарсыз әрі мүдделі емес. Сондықтан, бұл жағдайда тек қала мэрінің жомарттығы мен жанашырлығына ғана сенім артуға болады деген ойдамыз.