Аудандық орталық аурухана күрделі жөндеу жүргізілмек

2020-03-02 16:00:36

Ауданда тұрғындардың жағдайын жан-жақты бақылау және медициналық қызмет сапасын көтеру мақсатында материалдық жағынан қамтамасыз ету жағы да басты назарға алынуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Мәселен, 2020 жылы аудандық ауруханаға цифрлы маммограф алу жоспарланған. Сол сияқты балаларға арналған ЖӨЖ (жасанды өкпе желдететін) аппаратынан төртеуі алынбақ. 19 жедел-жәрдем автокөлігіне тапсырыс берілген. Одан бөлек, біздің орталық ауруханада облыс бойынша басқа аудандарда жоқ заманауи талапқа сай компьютерлік тамограф аппараты бар екенін де ерекше айтуға болады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Долан ауылына 25 келушіге арналған және Іргелі ауылына 100 науқастарды қабылдайтын дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарда бар. Ал, аудандық орталық аурухана мен Әйтей ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға осы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.