Мемлекет тарапынан баспана алу бойынша құжат жинау кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сілтеме жасап.
"2020 жылғы 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі банктің барлық филиалдарында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін қалдырады.
Біз мұндай шараларды банк бөлімшелеріндегі адамдардың көп жиналуынан сақтану үшін және де клиенттеріміз бен олардың туыстарының денсаулығын қорғау мақсатында қабылдадық. Түсіністік білдіргендеріңіз үшін рахмет!" делінген банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.