Жібек жолы ауылындағы (Шамалған бекеті) Қажымұхан көшесінің тұрғындары көктемгі жауын-шашын кезіндегі балшықтан әбден мезі болдық деп шағым айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Жергілікті жұртшылық әкімдік назарынан тыс қалғандарына өкпелі. Жылдың төрт мезгілінде де ары-бері жүруге қиындық тудыратын көшені билік өкілдері тезірек ретке келтіріп берсе деген тілегін жеткізуде олар.
Әсіресе, көктем-күз кезінде балалар күніне екі аяқ киім ауыстырып мектепке баратынын айтқан көпбалалы ана, құзырлы мекемелерге өз өтініштерін видеоүндеу жолдау арқылы жеткізуді жөн деп тапқан.