Бүгін Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

2020-04-04 16:00:26

Бүгін Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Сырқат адам 1950 жылы туған, зейнеткер. Ол жақын арада шетелде болмаған. 3 сәуірде дене қызуы көтеріліп,  басы ауырып, Қарасай ауданы Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген.

Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда.

Науқаспен байланыста болған  10 адам ауруханаға жатқызылды.

 

Еске салсақ, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 10-ға жетті, оның ішінде Қарасай ауданы бойынша анықталғандар - 5.