Қарасай ауданында тағы бір адам вирус жұқтырды

2020-04-14 08:00:35

Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір науқас тіркелді, - деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ол - Қарасай ауданы "Олипийская деревня" 19 км тұрғыны. 1993 жылғы ер адам. Ауруханаға жатқызылған науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Пациентпен 11 адам қарым-қатынаста болғаны анықталып, олардың барлығы да дəрігерлердің бақылауына алынды" - делінген хабарламада.

Атап өтсек, 14 сəуір күнгі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 22 адамға жетті. 4 науқас дерттен жазылып шықты.