Бүгін Қарасай ауданындағы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған адам толық емделіп шықты, - деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1979 жылы туған әйел 27 наурыз күні аурухана түскен болатын. Хаттамаға сәйкес барлық ем-дом шараларын қаьылдағаннан кейін, оған 13 сәуір күні екінші қайтара жасалған талдау нәтижесі теріс болып шықты.
Емделуші Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген. Пациент 6 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы дәрігерлер бақылауында болды. Еске салсақ, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында Covid19 инфекциясынан екі адам емделіп шықты. Олардың екеуі де - Қарасай ауданының тұрғындары.