Президент тапсырмасымен мемлекет тарапынан төленетін 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге өтінімді zhetysu.komek109.kz сайты арқылы беруге болады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде, 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге келесі азаматтардың құқығы бар: 1)1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; 2)ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және және оларға теңестірілген адамдар; 3)мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар; 4)көпбалалы отбасылар; 5)ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 6)мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады.
Өтініштер zhetysu.komek109.kz электрондық сайты немесе 8 (72771) 2-90-65, 2-99-30Call орталығы арқылы қабылданады.
1. ЖСН (ИИН)
2. "Проверка в реестре"
3. Егер тізімде болса, "Заполнить данные" (ЖСН, мекенжай, қызмет көрсететін мекеме, ЖСН, 15000)
4. "Подать заявку"
Егер тізімде болмаса : "Вас нету в списке на предоставление материальной помощи пожалуйста обратитесь в местный Акимат, контактные телефоны вы можете найти на странице контакты акиматов" деген жазу шығады. Ол кезде жергілікті әкімдікке немесе аудандық әкімдіктің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекцясы бөліміне хабарлсасасыз. Басшысы Нагашыбаев Ербол Бакытбаевич. тел: 8 727 712-90-65 karasayzkh@mail.ru