Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорған қаласында - 10, Қапшағай қаласында - 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарының əрқайсында 1 жағдайдан және Текелі қаласында 2 жағдай тіркелді.
Барлық 23 науқас белсенді түрде анықталды, 14 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 9-ының науқасы профилактикалық тексеру барысында анықталды.
Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.
29 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген.