Қарасай ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1 науқас анықталды. Ал жалпы Алматы облысы бойынша 12 адамнан коронавирус індеті анықталды деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірде вирус жұқтырған 5 адам – Талдықорған, 1 адам - Текелі қалаларынан, 2 адам - Талғар, 1 адам - Алакөл, 1 - Ескелді, 1 - Қарасай, 1 - Ақсу аудандарынан анықталған.
Науқастар дене қызуының 38,5С көрсеткішке дейін көтерілуіне, әлсіздікке, тамақ ауруына, құрғақ жөтелге шағымданған. Барлығы эпидемиологиялық тестілеуден өтіп, ЖРВИ және пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Олардың қатарында 2020 жылы туған сәбилер де бар.
Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілуде.
15 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 527 адам тіркелген, олардың 345-і жазылып шыққан.
Нұргүл Әлменбетова