Қарасай ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтіп жатыр

2020-06-17 16:00:35

Қоғамдағы отбасының рөлін күшейту мақсатында маусымның  15-18 аралығында Қарасай аудандық ПБ «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акция ұйымдастыруда.

Іс-шара барысында  жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенбаева аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп қаскелеңдіктерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Олар тұрғындарға отбасының құндылықтарын насихаттайтын нұсқаулық қағаздарды таратып, қажетті ақпаратты жеткізді.

Қосымша сұрақтар бойынша Алматы қаласы, Дағдарыс орталығының «150», 8(727)3464037 және аудандық Полиция басқармасының «102» немесе 8(72771) 2-35-64 сенім телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.